Компания штаты біліктілігі жоғары, ұлттық және халықаралық құқық салаларында айтарлықтай тәжірибесі бар заңгерлермен жасақталған. Компания Заңгерлері мен Кеңесшілері заңгерлік жоғары оқу орындарында педагогикалық жұмыспен айналысып, қазақстандық және халықаралық құқықтың өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялап қана қоймай, заң жобаларын дайындауға және талқылауға қатысады. Оған қоса, халықаралық консультациялық органдар мен ұйымдардың мүшелері болып табылады.
Біздің Команданың әр мүшесінің заң саласындағы жемісті іс-тәжірибесінің арқасында, ұжым әртүрлі деңгейдегі заң мәселелерін шеше білу тәжірибесіне бай. Жобаларымыздың көп бөлігін жүзеге асыру барысында, біз әр нақтылы саланың ерекшеліктері мен тетіктеріне, сондай-ақ корпоративтік басқару қырларына айрықша назар аударамыз.
Біздің команда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің территориясы аясында әр түрлі бизнес саласында өз қызметін іске асырып келе жатқан Клиенттердің мүдделерін жемісті түрде қорғап келеді. Ынтымақтастығымыздың кең географиялылығының арқасында, компания өз еңбегіне лайық, халықаралық компания мәртебесіне ие болды.
|