БРАТУСЬ ЕВГЕНИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ

БАС СЕРІКТЕС

БІЛІМІ:
Қазақ мемлекеттік заң академиясы – Қазақ гуманитарлық заң университеті, «кәсіпкерлік құқық» факультеті (2004 г.).

ТӘЖІРИБЕСІ:
Братусь мырза бас серіктес және Келісімдік қатынастар, Банктік құқық, Отбасылық құқық, Сақтандыру және Корпоративтік құқық тәжірибелерінің жетекшісі бола тұра, 9 жылдан аса банктік, корпоративтік және отбасылық құқық аясында заңи тәжірибесіне ие, сондай-ақ жалпы құзыретті соттарда, сонымен бірге арбитраждық және алқалық соттарда өкіл болу тәжірибесі де кең.

Евгений халықаралық келісімшарт жобаларының заңнамаға сәйкестігін саралаумен, компанияның комплаенс – контролер функциясын атқару, кешенді заңи аудит (due diligence), халықаралық заңнаманы қолдану және түсіндіру сұрақтары бойынша заңи қорытынды дайындаумен маманданады; несиелік және басқа да қаржылық құралдарды заңи саралаумен, құқық қорғау және сот органдарына арыздар жасау мен әзірлеумен, азаматтық іс-жүргізудің кез келген сатысында кінәрат-талап арыздық жұмыспен, мемлекеттік органдар мен ұйымдармен қарым-қатынас орнатумен айналысады.

Братусь мырза бірнеше рет ҚР заңнамасын өзгерту мен жетілдіру сұрақтары бойынша жұмыс топтарының отырыстарының қатысушысы болды (тікелей қатысуымен 40-қа жуық нормативті-құқықтық актілер шығарылды).

Жетекші банктердің бірінің заң департаментінде басқару қызметінде болу нәтижесінде, Евгений проблемалық қарыздармен жұмыс істеу, борыштарды басқару, сонымен қатар несиелік жобаларды қаржыландыру мен қайта қараудың ықтимал тәсімдерін әзірлеу бойынша бағаланбас тәжірибеге ие болды.

Оған орай Братусь Евгений, Орталық Азияда банктің сыртқы қарызын тұңғыш және сәтті қайта құрылымдауының тікелей қатысушысы болған (банктің міндеттемелері 2 млрд. АҚШ долларына азайтылды).


АССОЦИАЦИЯЛАРДА МҮШЕЛІК:
«Kazakhstan Bar Association» Коммерциялық заңгерлер алқасы