Отбасылық құқық – осы аяда қызмет көрсететін заңи кеңесшілер жағынан, неке-отбасылық қарым-қатынастарына байланысты кез келген сұрақтарын шешу кезінде аса жауапкершілікті және әдептілікті талап ететін, азаматтық құқықтың ең «шетін» институтының бірі.
Ең алғаш біз клиенттерімізге моральдық жайлылық туғызуға мән бөлеміз, өйткені тәжірибелі заңгерсіз шешілуі мүмкін емес отбасылық құқық сұрақтары көбінесе, осы рәсімдерге тартылған біздің клиенттеріміздің және басқа тұлғалардың жағымсыз уайымдарымен байланысты.
Отбасылық құқық тұрғысында көрсететін қызметтерімізді біз өте қатал құпиялылықты сақтай отырып көрсетеміз, сонымен бірге клиенттің мүліктік және мүліктік емес мүдделеріне күшімізді барынша жұмылдырамыз.
Мұрагерлікті қабылдау және тиісті ресімдеу рәсімі ұзақ уақытты қажет етеді. Біз өзіміздің клиенттерімізді мұрагерлікті қабылдау мен ресімдеудің барлық қиыншылықтарынан арылтуға дайынбыз және құзыретті де уақытылы кез-келген қиыншыл заңи көмек көрестуге де дайынбыз.
Отбасылық құқық және мұрагерлік құқық аясында біздің компаниямыз көрсететін негізгі қызмет түрлері келесі:
-
Отбасылық құқық аясында некелік келісім шарттарын және т.б. құжаттарды дайындау (ерлі-зайыптылардың бірге жинаған мүлігін бөлу туралы келісім; баламен араласу тәртібі анықтау туралы, баланы тәрбиелеу және оқыту тәртібі туралы келісім; баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы келісім; алиментті төлеу туралы келісім);
-
Некені бұзу, оның ішінде некелік дауды сотқа дейін үйлестіру және сот арқылы ажырасу;
-
Ерлі-зайыптылардың бірге жинаған мүлігін бөлуді алып-жүру;
-
Ата-ана бөлек тұратын болса кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін анықтауға жәрдемдесу;
-
Ата-ана құқығынан айыруды және ата-ана құқығын қалпына келтіруді алып-жүру;
-
Ата-ана құқығын шектеу және сондай шектеуді жоюға жәрдемдесу;
-
Мұрагерлікке байланысты дауларды алып-жүру;
-
Өсиетхат ресімдеуіне және дайындауына, сонымен қатар оны жоюға және жарамсыз деп тануға жәрдемдесу;
-
Мұрагерді лайықсыз деп тануға жәрдемдесу;
-
Мұраға деген құқықты сот арқылы қорғау;
-
Мұра қалдырушының кредиторларының талаптарынан шығатын мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
Мүмкін Сіз іздеген боларсыз:
Толық мәлімет алу үшін мына тел. хабарласыңыздар: +7(727) 311 07 57, +7(727) 311 15 37
Қызметтестікті неден бастаған жөн?
|