Сыртқы сауда-саттық және басқа да халықаралық экономикалық операцияларын жүзеге асыру кезінде пайда болған даулар туындағанда, дүниежүзілік бизнес орталықтарында дауларды арбитраждың (аралық соттың) қарауына беру тәжірибесі кең таралған. Әдетте бұл міндетті Сауда-өнеркәсіп палатасының соттары орындайды. Мысал ретінде Сауда-өнеркәсіп палатасына қарасты Халықаралық арбитраждық сотын, Стокгольм Сауда Палатасының Арбитраж Институтын, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасына қарасты Халықаралық коммерциялық арбитраж сотын және т.б. келтіруге болады.
Қазақстанда, сонымен қоса шаруашылық дауларды халықаралық арбитраж және аралық соттардың қарауына беру тәжірибесі ұлғайып келе жатыр. Сөйтіп, сыртқы сауда-саттық қарым-қатынастарынан туындаған даулар мен ынтымақсыздықты қарауға бейімделген Қазақстанда бастапқы, біріңғай әрекет ететін арбитраж (аралық) соты болып табылатын Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасына қарасты Халықаралық арбитраждық және Аралық соттары құрылған.
Біздің Компаниямыздың арбитраж тұрғысындағы тәжірибесі, клиенттердің мүдделерін Қазақстанның түрлі арбитраж және аралық соттарында ұзақ жылдар бойы сәтті қорғау тежірибесіне бай, және де біз Сіздердің мүдделеріңізді және заңи құқықтарыңызды Қазақстан Республикасынан тыс халықаралық арбитраждарында қорғауға әрқашан дайынбыз.
Төрелік (арбитраждік) тәжірибе шегінде біз келесі қызмет түрлерін көрсетеміз:
-
Халықаралық арбитражға оның регламенті бойынша қажетті құжаттардың жеткіліктігін саралау және дайындауға жәрдемдесу;
-
Даудың құқықтық позициясын және іс жүргізудің стратегиясын құру, құқықтық позиция туралы қорытынды дайындау;
-
Соттық даудың туындауына байланысты ықтимал тәуекелді анықтау және саралау;
-
Дауды сотқа дейінгі реттеуді алып жүру;
-
Даудың барынша тиімді шешілуін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті дәләлдемелерді жинау;
-
Кедендік одақтың және ТМД елдерінің халықаралық арбитраждарында қаралатын дауларға қатысу;
-
ҚР СӨП-ке қараулы Аралық сотқа және Қазақстандық халықаралық арбитражда қаралатын дауларға қатысу, сонымен қатар бизнес субъектілерімен немесе оларды қосатын ұйымдармен құрылған басқа да арбитраждармен аралық соттарға қатысу;
-
Арбитраждық және аралық соттардың шешімдеріне шағым беру.
Мүмкін Сіз іздеген боларсыз:
Толық мәлімет алу үшін мына тел. хабарласыңыздар: +7(727) 311 07 57, +7(727) 311 15 37
Қызметтестікті неден бастаған жөн?
|