Мемлекеттік сатып алуға қатысатын бизнес субъектілерінің сатып алуға қатысуы кезінде заңи шарттарға (техникалық, айрықшалық) мән бөлмеуі жиі кездесіп жатады, бірақ сол шарттардан кішкентай ауытқулық, тапсырыс берушіні жабдықтаушыны ықылассыз деп тануға міндеттейді. Көрсетілген жағдай көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектісін сатып алуға қатысушылардың ықылассыз реестріне қосуды білдіреді және осындай субъектіні, сонымен қоса оның құрылтайшыларын және басшысын сатып алуға қатысудан шеттететін жағымсыз құқықтық зардаптарға әкеліп соғады.
Біздің Компаниямыз біздің Клиенттеріміздің мемлекеттік сатып алуға қатысудың кез-келген сатыларында барлық қызмет түрлерін атқарады.
Бастылары болып келесілерін көрсетсек болады:
-
Тапсырыс берушінің және заңнама талаптарына сай келетін конкурстық құжаттар құрамына кіретін құжаттарды дайындау және сараптау;
-
Сатып алу келісім шартын жасасу кезінде және оны орындау барысында, сатып алу жүргізу сатыларында туындайтын дауларды шешуге жәрдемдесу және келіспеушіліктерді бірыңғайлау;
-
Келісім шартын орындау барысында қорғаныс механизмдерін жасау;
-
Электрондық сатып алу кезіндегі конкурстық құжаттарды жинау, орналастыру және дайындау мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік сатып алуға қатысу жөніндегі кез-келген сұрақтар бойынша кеңес беру;
-
Сот инстанцияларында және мемлекеттік мекемелерде сатып алу сұрақтары бойынша клиенттердің мүдделерін қорғау;
-
Сотқа дейінгі және сот тәртіптері арқылы сатып алу нәтижесіне шағым беру.
Мүмкін Сіз іздеген боларсыз:
Толық мәлімет алу үшін мына тел. хабарласыңыздар: +7(727) 311 07 57, +7(727) 311 15 37
Қызметтестікті неден бастаған жөн?
|