Қазіргі кезде кәсіпкерлер сенетін, тараптардың арасындағы «джентльмендік келісімі», екі жақтың адал болуына қарамастан, тараптардың мүліктік мүдделерін заңды түрде қорғай алмайды.
Сонымен қатар, азаматтық заңнама, айқын және толық реттемеленген келісімдік жағдайлар арқылы туындайтын ықтимал тәуекелді минимизациялауға және міндеттемелерді тиісті түрде қамтамасыз етуге бейімделген көптеген әдістер мен тәсілдер береді.
Біздің компаниямыз мәмілелердің кез келген түрін және қиыншылық деңгейін құрылымдауға және кәсіби алып жүруге дайын. Біз Сіздерге келісімдік міндеттемелерді қамтамасыз етудің тиімді механизмін дұрыс таңдауға жәрдемдесеміз.
Осы тәжірибе шегінде, біздің компаниямыз көрсететін негізгі қызмет түрлері келесідегідей болып табылады:
-
Мәміле жасасудың түрлі сатыларында туындайтын кез-келген сұрақтар бойынша толық кеңес беру;
-
Кез келген мәмілені оның қыиндығына және түріне қарамастан құрылымдау және алып жүру;
-
Жергілікті және шетел заңнамасымен реттелетін құқықтық қарым-қатынастарды орнататын, өзгертетін және тоқтататын шарттардың және де өзге келісімдердің нұсқасын жасау;
-
Келісімшарттарды жариялылық және легитимділік затына құқықтық сараптау;
-
Мәміленің кез келген сатысында Клиенттің атынан келіссөздер жүргізу және Клиенттің мүдделерін қорғау;
-
Мәміле жасасуға қажетті құжаттарды жинау және сараптау;
-
Мәмілелердің заты болып келетін меншіктің құқық белгілейтін, сәйкестендіру және басқа да құжаттар пакетін заңи сараптау;
-
Салық тәуекелін/мәміленің зардабын оңтайландыру (минимизациялау);
-
Мәміле объектісін заңи тазалығына тексеру, мәмілені құқықтық саралау;
-
Мәміледен шығатын дауды шешуге тиімді жәрдемдесу;
-
Мәмілеге қатысты құжаттарды клиенттің мүддесіне, қолданыстағы заңнамаға және тіркеуші мекемелердің талабына сәйкестігін тексеру, анықталған бұзушылықтарды және сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған ұсыныстар беру;
-
Қазіргі және ықтимал серіктестерді және контрагенттерді заңи аудит (Legal due diligence)
-
Мәміленің тараптарының қауіпсіз есеп-айырысуын ұйымдастыру (депозитарий, сейфтік жәшік, аккредитив, кепіл және есеп-айырысудың басқа түрлері).
Мүмкін Сіз іздеген боларсыз:
Толық мәлімет алу үшін мына тел. хабарласыңыздар: +7(727) 311 07 57, +7(727) 311 15 37
Қызметтестікті неден бастаған жөн?
|