Банкроттық
Банкроттық - кредиторлар алдында борышы бар заңды тұлғаның заңды түрде таратудың жалғыз түрі болып табылады. Банкроттық рәсімі көптеген нормативті-құқықтық актілермен реттеледі және оны жүзеге асыру үшін көптеген құқықтық аспектілерді ескеру қажет.
Егер сіз Кредитор болсаңыз және қарызыңызды әдеттегі жолмен қайтару үмітінен айырылсаңыз (сот талқылауы, атқарушылық іс-жүргізу, активтерді қайтару, борыш құрылымын қайта қарау және де өндіріп алудың басқа әдістері), онда банкроттық рәсімі құқығыңызды және мүддеңізді қорғаудың жалғыз жолы болып табылады. Ал егер Сіз борышқор болсаңыз, банкроттық рәсімі көптеген жағдайларда Сідің қарызыңыздың заңды тоқтатылуының бірден-бір әдісі болып табылады.
Біздің компаниямыз дәрменсіз деп тану туралы қолайлы стратегиясын таңдаудан бастап және жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның таралуы туралы бұйрық шыққанға дейін қызмет түрлерін көрсетеді.
Көрсетілген тәжірибе шегінде біз келесі қызмет түрлерін көрсетеміз:
Борышқор үшін:
-
Банкроттықтың алдын-алу және банкроттық рәсімін жүргізуден туындауы мүмкін шығындарды минимизациялау шараларын қоса отырып, қорғану стратегиясын жасасу;
-
Ерікті банкрот болып тану арызын беру үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру (банкроттық нұсқасының қолайлысын таңдау, қажетті сұранымдарды, анықтамаларды жинау және өткізу, өкілетті органға және сотқа арызды дайындау);
-
Құжаттар пакетін қалыптастырмай, сотта өкіл болу;
-
Банкроттық рәсімі кезінде өкіл болу.
Кредитор үшін:
-
Кредитордың борышқорға деген талабын және содан туындайтын банкроттық туралы арызды беру үшін қажетті құжаттар пакетін қалыптастыру;
-
Құжаттар пакетін қалыптастырмай, сотта өкіл болу;
-
Банкроттық рәсімі кезінде өкіл болу (банкроттық басқарушының іс-әрекеттерін бақылау, оның әрекеттерін құқықтық тұрғыдан бағалау; оның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) наразылық беру; кредиторлар (комитетінің) жиналысының шешімдерін жарамсыз деп тану туралы арыздар беру; кредиторлар (комитетінің) жиналысында өкіл болу; борышқордың басқа да кредиторлары мен дебиторларымен келіссөздер жүргізу).
Тарату (Жою)
Бұдан басқа заңды тұлға өзінің қызметінің тоқтауына байланысты ерікті түрде таратыла алады. Қанша уақытта таратылады? Көрсетілген рәсімді жүзеге асыру үшін қандай мекемеге және қандай құжаттармен арызданады?
Біздің ұжымымыз жоғарыда көрсетілген сұрақтардың барлығына жауап беріп, заңды тұлғаны ерікті тарату процессін толық алып жүруді қамтамасыз ете алады.
Көрсетілген тәжірибе шегінде біз келесі қызмет түрлерін көрсетеміз:
-
Тарату туралы шешім қабылдаудан, салық және әділет мекемелерін осындай шешім туралы ескертіп, аралық және соңғы тарату балансын жасаудан бастап заңды тұлғаның таратылып және мемлекеттік реестрден алынып тасталғаны туралы хабарландыру жарияланғанға дейін заңды тұлғаны ерікті тарату процессін толық заңды алып жүру;
-
Тарату өндірісі шегінде салық тексерімі рәсіміне қатысу және мүддені қорғау;
-
Кредиторлар талаптарын орындаудан, қалған мүлікті құрылтайшылардың арасында бөлуден бастап, таратылатын заңды тұлғаның қалған мүлігін сатуға және сатылған мүліктің соммасын құрылтайшыларға бөліп беруге дейінгі барлық процесстерді заңды алып жүру.
Мүмкін Сіз іздеген боларсыз:
Толық мәлімет алу үшін мына тел. хабарласыңыздар: +7(727) 311 07 57, +7(727) 311 15 37
Қызметтестікті неден бастаған жөн?
|